Негізгі мүмкіндіктер
Платформаның негізгі артықшылықтары және неліктен Robo-Baldyrgan платформасын таңдайды?Интерактивті онлайн курстар
Сабақтар видео, түсіндірме және тапсырмалар арқылы өтеді. Әр тақырыптан кейін білім алушы алған білімін практикада қолданып көреді, сондықтан оқу процесі белсенді әрі түсінікті болады.Нәтижені бірден көру мүмкіндігі
Жазылған код немесе қосылған компонент бірден тексеріледі. Бұл оқу процесін түсінікті етіп, әр әрекеттің нәтижесін көруге көмектеседі.Робототехникаға нақты бағыт
Платформа LEGO, Arduino және STEM жүйесіне негізделген. Бұл білім алушыға техникалық және инженерлік ойлауды жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік береді.Қауіпсіз және қолжетімді орта
Барлық оқу процесі онлайн форматта ұйымдастырылған. Білім алушы кез келген жерде, кез келген уақытта платформаға кіріп, тәжірибе жасай алады.Онлайн симулятор
Арнайы виртуалды тренажер арқылы робот бөлшектерін қосып, код жазып және нәтижесін бірден тексеруге болады. Бұл шынайы зертханаға ұқсас тәжірибе жасауға мүмкіндік береді.Кітаптарды онлайн оқу
Платформада робототехника мен электроникаға арналған электронды кітаптар бар. Білім алушы материалды тікелей сайт ішінде оқып, схемалар мен түсіндірмелер арқылы теорияны оңай меңгереді.Қол жетімді курстар
Қазір курстар саны шектеулі болуы мүмкін. Жақын уақытта пәндер мен сыныптар кеңейеді.Онлайн симулятор
Онлайн симулятор — бұл сенің виртуалды зертханаң. Мұнда роботтың бөлшектерін қосып, код жазып және оның қалай жұмыс істейтінін бірден тексеруге болады. Тәжірибе жасау үшін арнайы құрал қажет емес — барлығы платформа ішінде.
Симулятор preview (workspace скриншот)
Құрастыр. Жаз. Іске қос.
LED, мотор және сенсорларды қосып, код жазып және оның нәтижесін сол сәтте көр. Қателессең — түзетіп қайта сынауға болады. Әр әрекет бірден нәтиже береді.
Бұл бөлім робототехниканы түсінуді жеңілдетіп, инженерлік ойлауды тәжірибе арқылы қалыптастырады.
Симуляторды ашуЭлектронды кітаптар
Электронды кітаптар робототехника мен электроника негіздерін қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіреді. Теорияны оқып, оны практикада қолдануға мүмкіндік беріледі.Біз жайлы
...Автор туралы
Каратаев Нурлан Сагынбекович — Robobaldyrgan жобасының авторы. Жобаның идеясы қарапайым: оқушы тек “көріп қоймай”, міндетті түрде “орындап” бекітсін. Сондықтан әр сабақта видео мен практика бірге жүреді.
«Robo-Baldyrgan» балалар робототехника мектебінің негізін салушы
Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ докторанты
Информатика мұғалімі
STEM - маманы
Байланыс
Сұрақтарыңыз болса немесе баланы оқуға жазу қажет болса — бізбен хабарласыңыз.Мекенжай
Шымкент қ., А.Байтұрсынов 13Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Нақты сұрақтарың болса — тіркеліп, платформаны көріп шық.
Robo-Baldyrgan — балаларға арналған робототехника онлайн платформасы.
Мұнда онлайн курстар, электронды кітаптар және интерактивті симулятор
арқылы робот құрастыру мен программалау негіздері үйретіледі.
Платформа 5–16 жас аралығындағы балаларға арналған. Материалдар деңгейге сәйкес ұйымдастырылған,
сондықтан әр бала өз мүмкіндігіне қарай үйрене алады.
Жоқ. Платформа толық онлайн жұмыс істейді. Компьютер немесе планшет және интернет жеткілікті.
Онлайн симуляторда роботтың виртуалды бөлшектері қосылып, код жазылады және нәтижесі бірден тексеріледі.
Бұл шынайы зертханаға ұқсас тәжірибе жасауға мүмкіндік береді.
Барлық электронды кітаптар платформа ішінде ашылады. Материалдарды онлайн оқып,
схемалар мен түсіндірмелер арқылы теорияны меңгеруге болады.
Әр курс белгілі бір тақырып бойынша білім мен дағды қалыптастырады.
Білім алушы өз прогресін көріп, келесі деңгейге өте алады.
Тіркелу тәртібі мен тарифтік жоспарлар туралы ақпарат платформада көрсетіледі.
Кейбір мүмкіндіктер тегін танысу режимінде қолжетімді болуы мүмкін.
Егер басқару панелі қосылған болса, ата-ана немесе мұғалім білім алушының прогресін бақылау мүмкіндігіне ие болады.